Кейбір тағамдар (әсіресе жатар алдында) асқазанға ауырлық түсіріп, дұрыс ұйықтауымызға кедергі келтіреді. Ал уақытылы, дұрыс ұйықтамау денсаулығымызға зиян екені белгілі. Сондықтан жатар алдында қандай нәрселерден бас тартқанымыз дұрыс?
– чизбургер, гамбургер сияқты түрлі фастфудтар
– кофе, қою шай
– шоколад
– энергетикалық сусындар
– газдалған сусындар
– дәрілер (ауруды басатын, арықтататын препараттар)
– қуырылған ет
– ащы, майлы тағамдар.