Тұрмысқа шығып, бақытты отбасын құру – әрбір қыздың арманы. Осы орайда «өз бақытымды тапсам, шаңырақ көтеріп, ана атансам» деп жүрген нәзікжандыларымызға өз теңін тауып, бақытты әйел атануға көмектесетін келесі дұғаларды оқуға кеңес береміз:
- «Фатиха» сүресі.
«Рахман әрі аса рақымды Алланың атымен бастаймын. Бар мадақ, шүкіршілік атаулы күллі әлемнің Раббысы – бір Аллаға арналады. Ол – Рахман әрі аса рақымды. Дін (жауапқа тарту һәм үкім шығару) күнінің иесі. (Уа, Жаратқан!) Бір Өзіңе ғана құлшылық етіп, бір Өзіңнен ғана медет тілейміз. Бізді (разылығыңа жеткізетін) тура жолға сала гөр! Қаһарыңа ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес, Өзің нығметке бөлеген (ізгі құлдарыңның) жолына сала гөр!».
- 7 рет «Фәләқ» сүресін оқу.
- (Оларға) айт: Таң шапағының Раббысына сақтай гөр деп сыйынамын;
- Өзі жаратқан күллі жаратылыстың кесірінен;
- жер бетін қаптаған қараңғы түннің кесірінен;
- түйіншектерге үрлеп, дуалайтын дуашылардың (дуашы әйелдердің) кесірінен;
- сондай-ақ күндеген кездегі күншілдердің кесірінен (сақтай гөр деп сыйынамын).
- «Ықылас» сүресі.
«(Оларға) айт: Ол Алла жалғыз (Құдай)! Алла – Самад (ешкімге және ешнәрсеге мұқтаж емес, керісінше, күллі жаратылыс Оған мұқтаж)! Ол тумаған да, туылмаған! Сондай-ақ Оған тең келер ешкім жоқ!
- 7 рет «Нәс» сүресі.
«(Оларға) айт: Сақтай гөр деп сыйынамын адамдардың Раббысына, адамдардың Иесіне, адамдардың Тәңіріне, әзәзіл шайтанның кесірінен, адамдардың көкірегіне уәсуәсә салатын (әзәзіл шайтанның кесірінен сақтай гөр деп сыйынамын деп айт), (Ондай әзәзіл шайтан) жыннан да, адамдардан да (шығады).
- «Бақара» сүресінің 1-5, 102, 103, 163, 164, 255, 285, 286- аяттары.
- «Имран» сүресі, 18-19-аяттар.
- «Араф» сүресі, 54-56, 117-122 – аяттар.
- «Юунус» сүресінің 21-82 аяттарын 2 рет оқу.
- «Та-һа» сүресінің 69-аятын 7 рет қайталау.
- «Мүминун» сүресі, 115-118-аяттар.
Сұрақ – жауап:
Денсаулықты сақтаудың сүннеттегі 5 қағидасы
Неліктен оң жақпен жатқан дұрыс?
Күн сайын орындауымыз тиіс 12 сүннет
Жанарыңызды сақтағыңыз келсе…
Азан дауысын естігенде не істеу керек?
Ассалаумагаликум уа рахматуллахи уа баракатук! Маган нас суресинен кейнги сурелерди жибере аласыздар ма? Алла разы болсын!
Ассаляму алейкум. Юнус сүрелерінің тек 21 және 28 аяттарды ғана оқиды ма әлде 21 – 28 -ші аралығындағы аяттар оқылады ма?
5-10сүре аралығын жазып жіберсеңіздер
Осы сүрелерді оқып күйеуге тез арада шыгу ға бола ма екен
мен уш жылдан бері күйеуге шыгу га уміттеніп шыга алмай жүрмін жалгыздык тан жалыктым
Ия жаным, болама деп сурама,Алла берушы,Алладан сурасан барин береды ,тек сеним керек, мен окыдым Аллага шукир бари жаксы
Алланын буйырткан уакты баргой