Адам баласына: Қиямет күні, жаңбырдың (қашан, қалай) жауатыны, баланың жатырда қалай пайда болатыны, ертең не болатыны және қайда өлетіні құпия болып қалады.
Бұл 5 нәрсені білуші – бір Алла ғана.
Бұл жайлы Қасиетті Құранда: «Расында, жалғыз Алланың құзырында ғана (Қиямет) сағаты (қашан болатыны жайлы) білім бар. Ол (Өзі қалаған уақытта, Өзі қалаған орынға) жаңбыр жаудырады және (аналардың) жатырларындағы жүктерін (ұл-қыз, бақытты-бақытсыз болатынын) біледі. Ешбір жан ертең не болатынын біле алмайды және ешбір жан қай жерде өлетінін білмейді. Тек қана, Алла – Білуші және Хабардар» делінген («Лұқман» сүресі, 34-аят).