Құмырадағы адамдар (ғибратты оқиға)

197

        Бір қаланың шетінде дүкен болады. Оның иесі біреулерді жерлеу рәсімін көрген сайын желінген жемістің бір дәнін құмыраға салады екен. Әр айдың соңында осы айда осынша адам қайтыс болды деп айтып отырады. Бір күні өзі де бақилық болады. Оны бір досы іздеп келіп дүкенінен таппаған соң көршілерінен:

– Дүкеннің иесі қайда? – деп сұрайды.

Сонда олар:

– Ол да құмыраға түсті, – деп жауап беріпті.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз