Қандай жағдайларда сәлемдесуге болмайды?

210

– Әжетханада, хамамда немесе моншада;
– күнә жасап жатқан немесе күнәлі іске себепкер болып жатқан адамға сәлем беруге де, сәлемін қабыл алуға да болмайды;
– намаз немесе Құран оқып жатқан адаммен;
– хадис, уағыз немесе азан оқып жатқан адаммен.

Бұдан өзге барлық жағдайларда адамдар бір-бірімен сәлемдесуі тиіс. Егер біреу «әс-сәләму-аләйкум» десе, оған «уааләйкумус-сәләс уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһу» деп жауап қатқан жөн.

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Бір адам Алла елшісінен (с.ғ.с.): «Исламдағы ең игі іс қандай?» – деп сұрағанда ол: «Қарны аш адамды тамақтандыруың және танысаң да, танымасаң да жолыққан адамдарға сәлем беруің» – деп жауап берді» – деген
(Бұхари, иман 6; Муслим, иман 63).

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз