Әнас ибн Мәлик (р.а.): «Бір кісі Алла елшісін (с.ғ.с.) тамаққа шақырды. Мен онымен бірге бардым. Ол үйде ішінде асқабағы бар сорпа әкелді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.) асқабақтан жей бастады, ол асқабақты ұнататын. Мен мұны көріп, асқабақ тіліктерін жемей, оған қарай ысырдым. Содан бері маған да асқабақ ұнайтын болды», – деген (Сахих Муслим).
Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі ұнатқан бұл көкөністің пайдалары қандай? Енді соған тоқталсақ.
Асқабақ – бұл табиғи дәруменді-минералды комплекс. Дәрумендердің чемпионы – бета-каротин де, С, Е, В 1, В 2, РР, калий, кальций, темір, мырыш, мыс, кремний, фтор, кобальт сияқты аса маңызды дәрумендер мен минералдар да осы асқабақта. Сондықтан бұл көкөністің ағзаға тигізер пайдасы мол, көптеген аурулардың алдын алады. Әсіресе:
- жүрек-қантамырларында,
- ер адамдардың денсаулығына
- асқаз-ішектің қабыну ауруларында
- қаназдықта
- қантамырлдардың жұмысын жақсартуда таптырмас тағам.
Тіпті оның дәнін ағазадағы паразиттерді жоюға қолданатыны белгілі.
Асқабақтың 90 пайызы судан тұратындықтан, ол диеталық тағам болып есептеледі, сондықтан, оны жеуге ешкімге шектеу жоқ.
Бауыр ауырғанда шикі асқабақты көбірек жеген жөн. Шикілей дәмі ұнамаса үккіштен өткізіп, түрлі ботқаларға, тағамдарға араластырып жеуге болады.