Өркенім өссің десең, Кекшіл болма…

130

Қаздауысты Қазыбек бидің асыл сөзі

Өркенім өссің десең,
Кекшіл болма.
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма –
Өскеніңді өшіресің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма –
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға.
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз