Мен: «Менің күнәларым көп-ақ!…».
Алла: «…Күнәларды Алладан басқа кім кешіре алады дейсің?» (3: 135).
Мен: «Мені ұмытпаңдар..».
Алла: «Ендеше, сендер Мені жад етіңдер (яғни, әрдайым құлшылық етіп, еске алыңдар), сонда Мен де сендерді ескеремін…» (2: 152).
Мен: «Осы қиыншылықтардан құтыла алмай-ақ қойдым!…».
Алла: «…Кімде-кім Аллаға тиісінше тағзым етсе және Оған қарсы келіп асы болудан сақтанса, Алла оған тығырықтан шығар жол ашып береді» (65: 2).
Мен: «Барлық армандарымның орындалғанын қалаймын…».
Алла: «…Маған дұға етіңдер, сендерге жауап берейін…» (40: 60).