«Мен мұны бұрын көргенмін» немесе дежавю деген не?

942

Кейде бәр сәт дәл қазір болып жатқан нәрсені бұрын көргендей сезімде боламыз. Мұндай күйді адамдардың 97 пайызы өткерген. Ондай кезде «бұл нәрсе бұрын болған сияқты» дейміз. Неге олай болатыны, әрине, қызықтырады.

«Дежавю» – француз  тілінен аударғанда «көріп қойғанмын» дегенді білдіреді.

Қазіргі ғылыми зерттеулер дежавю кезінде адамның миында не болатынын көрсетті. Ондай кезде мидың осы шақтың сенсорлы сигналы («бұл қазір болып жатыр») және ұзақуақыттық есте сақтау («маған бұл бұрыннан таныс») деген екі бөлігі бірдей іске қосылады. Есте сақтау бұл уақытта өте белсенді жұмыс істеп тұрғандықтан оның сигналы қабылдаудан аздап озады. Сөйтіп, «болашақты білу» сезімі бірнеше секундқа жылдамырақ пайда болады.

Осылайша, ғалымдар «дежавю – естің қателігі» деген тұжырым жасаған.

Ал дежавюдің неліктен пайда болатыны әзірге ғылымда жауап жоқ.

Екі дүние жақсылығын сұраудың дұғасы

Біз жайлы 7 қызықты дерек

1 доллар тұратын пицца

Есте сақтау қабілетін жақсартудың ең оңай жолы

1 пікір

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз