Кедей әйел

808

Өзінің жомарттығымен танылған данышпанға бір әйел келіп:

  • Бұл қалада менен кедей жан жоқ. Маған көмектесіңізші! – деп шағынады. Данышпан әйелдің қолындағы сәбиге күлімсіреп бір қарады да әйелге:
  • Демек, кедеймін де…Менің көмектескенімді қаласаң, балаңның бір саусағын кесіп бер… – деді. Әйел данышпанның бұл сөздерін түсінбегендей таңырқап қалды. Данышпан әйелдің алдына бір қап алтынды қойды да:
  • Бір ғана саусағын… еш ауыртпаймын… – деді.

Қорқып кеткен әйел баласын құшағына қыса түсіп кетуге ыңғайлана бастады.

  • Бар болғаны саусақ қой, – деді данышпан сөзін жалғап. Әйел сәбиін қолына қатты қысып алды да жылдам басып кете барды. Соңынан:
  • Кедеймін дейсің, олай болса, қолыңдағы кішкентай ғана байлықты бір қап толы байлыққа айырбастағың келмейтіні қалай?! – деген сөздер естіліп жатты…

Аса пайдалы бөлме гүлдері

Қас жұлудың қандай зияны бар? (Қыз-келіншектердің есіне)

Жанарыңызды сақтағыңыз келсе…

Неліктен оң жақпен жатқан дұрыс?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз