Жұмақ уәде етілген сахабалар Осман ибн Аффан (р.а.)

922

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың тегінен шыққан. Исламды алғашқы болып қабылдағандардың бірі болатын. Бірінші жұбайы – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызы Рүкәйа (р.а.) болды. Өзі дәулетті болған соң исламның қалыптасуына атсалысып, мұсылмандарға әрдайым көмектесіп отырды. Мәдинадағы құдықты сатып алды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мына бір хадисінде бұл құдықтың мұсылмандар үшін қаншалықты маңызды екенін айтқан: «Кімде-кім Рума құдығын ашса, оған жұмақтың есіктері ашылады» (Бұхари).

Рүкәйаның (р.а.) қазасынан соң Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Османға (р.а.) тағы бір қызы Үмму Гүлсімді (р.а) береді. Осыдан соң Осман (р.а.) «зүн-нурәйн» – «екі нұрдың иесі» деп аталып кетеді.

Алла елшісінің (с.ғ.с.) адал әрі сенімді ізбасары бола білген ол Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жорыққа немесе келісімдерге кеткенде оның орнына қалатын болған. Расулалла (с.ғ.с.) ол үшін мына дұғаны оқыған: «Уа, Алла! Мен Османға разымын, Сен де оған разы бол» (ибн Хишам, сира, 4, 161).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Осман (р.а.) жайлы: «Ол үмбеттің ішіндегі ең адал және жомарт адам. Пайғамбарлардың әрқайсысының жұмақта жолдасы болады. Онда менің жолдасым Осман болады» деген.

Германия тазалығының сыры неде? Біле жүріңіз!

Бауырды тазартып, артық майлардан арылтатын 3 сусын

Әкем «адам болмайсың!» деп еді…

Ер адам әйеліне «жақсы көремін» деп айтуы керек пе?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз