Жауынды күні көп жүрме, Жар жағасы тайғақ-ты…

520

Жауынды күні көп жүрме,
Жар жағасы тайғақ-ты.
Жаманға жақыным деп сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!
Асау тулап жықпаса,
Артқы айылдың беркі игі
Жағаға дұспан қолы тимеске,
Артыңда туысқанның көбі игі.
Күндердің күні болғанда,
Қырға шықпас жаманның
Барынан да жоғы игі!

Шалкиіз Жырау
(1465-1560)

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз