Жар басына қонбаңыз, Дауыл соқса, үй кетер…

252

Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса, үй кетер.
Жатқа тізгін бермеңіз,
Жаламенен бас кетер!
Жаманмен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айрылмасқа серт етер!
Ит жүгіртіп, құс салсаң,
Киген тоның түлкі етер.
Сыпайы сырын білдірмес,
Ақырын ғана бүлк етер.

Бұқар жырау  Қалқаманұлы

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз