Байқайсыз ба, көпшілігіміз біреудің есінегенін көріп біз де есіней саламыз, өзгелер күліп жатса, тіпті ол нәрсе күлкілі болмаса да еріксіз күле саламыз. Ғалымдар осы сияқты жаман әдеттерге неліктен құмар екенімізді зерттеді.
Мельбурн және Калифорния технологиялық институтының бір топ зерттеушілері бір адамның іс-қимылын қайталауға «құмартып» тұратын ми бөлігін анықтады.
Зерттеуге қатысқан 24 адамға құмар ойындарын ойнатқан. Олардың миларына мониторлар орнатылады. Нәтижесінде әлгі біреудің әрекетін қайталауға жауапты ми бөлігі белсекнді жұмыс істей бастаған. Ойын ойнап отырғандар қасындағы адамның істеген нәрселерін қайталаған (қарсыласы тәуекелге бел байлап ақша тіксе, ол да солай істеген).
Ауру қалса да, әдет қалмайды деген сөз бар. Шынында, көпшілігіміз ол нәрсенің жаман екенін біле тұра істеуге құмартып тұрамыз, біреулер несие алып жатса «біз де ала салайық, неғылар дейсің, жұрттың бәрі алып жатыр ғой» деп банкке жүгіреміз, біреу той жасап шашылып жатса, олардан асып түсуге тырысамыз. Міне, осы сияқты жаман «әдеттерден» Алла разылығын табу үшін құтылғанымыз дұрыс.
«Құлаққа жағымсыз жаман сөз айтқанша, жүрекке жылуы бар отты сөз айт»
Биреудин есинегенине карап есинеймин деп есинемейсизгой, психологиялык тургыда ол дурыс деп танылады. Ал биреудин кулгенине ерип кулу ол ангиме айтып кулдиргиси келген адамнын конил куйын ойлагандылык деп билер едим.
Дұрыс айтады. Бреу күлсе, күліп тұрған оқиғасы қызықпа деп ойлану керек. Ыржаң ыржаң тыржаңдаған ақымақтардың күлкісіне жыным келеды. Мағынасыз нәрсеге күледіғо бреулер.