Асыл дініміз әйел адамдардың құқығын жоғары қойып, оларға статус берумен қатар, білім алуына да жол ашқаны белгілі. Ислам тарихында әйел кісілердің ең алғашқы ұстазы ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) болғаны белгілі. Дәрістерде Жаратушымыз, Пайғамбарлар жайлы, мінез-құлық, құқықтар мен міндеттер турасында білім алды. Сондай дәрістің бірінде қыз бала тәрбиесі талқыланды. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Қандай да бір әйелдің үш қызы болып, оларға жақсы тәрбие берсе, олар сол әйел үшін Жәһаннамнан қорған болады» – дейді. Әйелдердің бірі: «Егер екі қызы болса ше?» деп сұрайды. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Екі қыз болса да», – деп жауап береді.
Жәһаннамнан…қызыңыз қорғайды!
2
