Қасиетті Құранда: «Раббың өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің біріне немесе екеуіне де кәрілік жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуіне зекіме, оларға сыпайы сөйле», – делінген («Исра» сүресі, 23-аят).
Адамдардың қайсысы жақсы қарым-қатынасқа лайық?
Бірде осы сұрақпен бір кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келеді. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Сенің анаң» , – деп жауап береді. «Одан кейін кім?» – дейді тағы да. «Сенің анаң» деген жауап естіледі. Кісі тағы: «Содан кейін кім?» деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы да: «Сенің анаң», – деп жауап береді. Бұл сұрақ төртінші рет қойылғанда «Содан кейін әкең» деген жауап естіледі (Әл-Бұхари, Мүслим).
Исламдағы ата-ана рөлінің маңызын түсінуге екі ғана хадис жеткілікті. Бірақ кейде оны кейбіріміз ұмытып кетіп жатқандаймыз. Алланың разылығын ата-ананың разылығынан табатынымызды ұмытпайық.