1. Дінімізде ер азамат өте жоғары статусқа ие. Сондықтан оған бағынып, бар талаптарын орындауға міндеттісіз.
2. Ол жұмыстан шаршап келгенде тамағыңыз дайын, үйіңіз таза, өзіңіз жылы жүзбен қарсы алыңыз.
3. «Ызыңдап» жоқты айтып, «құлақ етін» жей бергенді ер адамдар ұнатпайды.
4. Отбасы болған соң, әрине, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ондай сәттерде ашуға емес, ақылыңызға жүгініп, сабыр сақтаңыз. Араларыңыздағы мәселені еріңіздің ашуы басылған соң ғана отырып шешуге тырысыңыздар.
5. Қолдағы барыңызға қанағат етіңіз. Үнемі көңілі толмай жүрген әйелді кім жақсы көрсін? Рахметіңіз бен ризашылығыңызды білдіріп тұрыңыз.
6. Жарыңызға тек әйелі ғана емес, сырлас досы да бола біліңіз. Қажет жағдайда ақылыңызды айтыңыз.
7. Екеуіңіздің араларыңыздағы сырды ешкімге, тіпті «ең жақын» құрбыңызға да айтпаңыз. Жарыңыздың жаманын жасырып, жақсысын асырып отырыңыз.
8. Ешқашан күйеуіңіздің жақындары жайлы жаман сөз айтпаңыз. Оларды жамандап абырой таппайсыз, керісінше, жарыңыздың сізден көңілі қалуы мүмкін.
9. Жұбайыңыз қандай бір қателік жасап қойса бетіне басып айыптай бермеңіз. Өткенді де қозғай бермеңіз.
10. Бақытты жанұя өздігінен құрыла салмайды. Оған жұбайлардың, әсіресе, әйел адамның қыруар еңбегі мен күш-қайраты, махаббаты қажет.
11. Барыңызға шүкіршілік етіп, отбасыңызды береке мен сүйіспеншілікке бөлеуін Алладан тілеп дұға етіңіз.
Сыйластық, құрмет, мейірім яғни махаббат бір жақты болса, ол тұрақты неке болмайды. Екеуі де: «тек саған жеңіл, саған жақсы болса екен, бірінші сен өзіңе ал, сен әдемі бол» десе неке тұрақты.
EVLİLİK SADAKAT ÜZERİNE BİNA OLMALIDIR.SAMİMİYET VE AHLAKİ.GÜZELİKLE.İSLAM ÜZERİNE.OLURSA.SÜNETTİR.
Жаксы жазган
Иə. Өте дұрыс айтылған!!!
екеуйне бирдей байланысты жалгыз айелге емес
Өте дұрыс жазылған