Кез келген жігіт пен қыздың арманы – бақытты отбасын құру, артынан ізгі ұрпақ қалдыру. Бұл тұрғыда әуел бастан ойланып, дұрыс таңдау жасаған жөн. Ол үшін ер адам мен әйел бірін-бірі түсінісе білулері керек. Өмірге деген көзқарастары мен мақсаттары, ниеттері бір болуы тиіс. Ертеңгі күні таңдауларына өкініп қалмас үшін екеуі бір-біріне келесі сұрақтарды қойғаны дұрыс:
Жігіттің қызға қояр сұрақтары.
1. Дінімізде әйел адамға басқа ер адамдардың көзінше ашық-шашық киініп жүруге тыйым салған. Оған қалай қарайсыз?
2. Егер отбасында қандай да бір қиыншылық кездессе (ақша жетпесе, қалаған киіміңіз бен тамағыңызды жей алмасаңыз) соған шыдай аласыз ба?
3. Әйел мен ер адам сұлулық немесе байлықтары үшін емес, жан сұлулығына қарап үйлену керек дегенге қалай қарайсыз?
4. Әйел күйеуінің айтқандарын орындап, оған бағынуы керек дегенге көзқарасыңыз қандай?
5. Ерлі-зайыптылардың арасында реніш, түсініспеушілік болып қалса оны шешудің жолдары қандай деп ойлайсыз?
6. Егер адам өз қателігін түсініп, кешірім сұрап тұрса оңай кешіресіз бе?
Қыздың жігітке қоятын сұрақтары.
1. Ер адам – отбасының асыраушысы, әйелі мен бала-шағасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге міндетті ме?
2. Күйеуі әйеліне қол көтере ала ма?
3. Әйелдің жұмыс істеуіне қалай қарайсыз?
4. Отбасындағы шаруалар мен бала тәрбиесі тек әйелдің мойнында ма?
Уағалейкүмәссалам, төменде сұрақтардың жауабын толыққанды беруге тырыстық.
Жігіттің қызға қойған сұрақтары.
Қасиетті Құранда әйел адамға өз күйеуінен басқа ер адамдардың көзінше ашық киініп жүруге тыйым салынған.
Алла бізді бұл өмірге сынау үшін келтірген. Сондықтан қандай да бір қиындық болмасын мойымай, оны жеңуге тырысу керек. Алла сабырлы құлдарын жақсы көреді.
Алла тағала ер мен әйелді бір-біріне өмірлік серік, бір-біріне «киім» етіп жаратқан. Ал тек байлық немесе мансап үшін құрылған отбасының болашағы бұлыңғыр болмақ. Түсіністік, сыйластық пен махаббат бар жерде ғана отбасы өсіп, өркендейді. Алланың разылығы – күйеуіңнің разылығында. Сондықтан әйел адам ерінің айтқандарын орындап, бағынуға міндетті.
Ал арада қандай да бір түсініспеушілік пен реніш туындап жатса, оны екеуара сөйлесіп, ақылдасып шешкен дұрыс. Араға ата-ананы, аға, әпкелерді салмау керек. Сосын, кінәлі болмасаңыз да бірінші болып кешірім сұрай салған дұрыс. Ал кешірім сұрап келген адамды кешірмеймін деу – көкіректік. Алла тәкаппарларды жақсы көрмейді.
Қыздың жігітке қойған сұрақтары.
«Әйелдерді лайықты түрде ас-ауқат және киім-кешекпен қамтамасыз етуге баланың әкесі міндетті» («Бақара» сүресі, 233-аят).
Асыл дінімізде ер адамның әйеліне дауыс көтеріп, ренжітуіне, қол көтеруіне, оның адами құқықтарын аяқ асты етуге, оны қызметшісі ретінде көріп, жәбірлеуге тыйым салынған.
Негізі, әйел заты отбасы, ошаққасында, балалары мен жұбайының жағдайын жасап, үй шаруасын атқарып, бала тәрбиесімен айналысқаны жөн. Десекте, заман ағымына сай, отбасы мен жұмысты қатар алып жүрген әйелдеріміз аз емес. Әйелдердің жұмыс жасауына қандай да бір шектеу қойылмаған.
Қадірлі отағасы мен бетке тұтар әке болуда ардақты Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) артық ешкім жоқ. Ол жұбайлары мен балаларына аса қамқорлықпен, мейіріммен қарап, әсіресе жарына кез келген жағдайда көмектескен. Сондықтан отбасындағы шаруалар мен бала тәрбиесі тек әйелдің мойнында деу, қателік болмақ.
öte orındı Karlıgash. Tolyktai kelisemin
Дінге көз қарасы, намаз жайлы да толығырақ сұрағаны дұрыс деп ойлаймын.