Кезінде халық санасынан берік орын алып, дәстүрлі менталитетіміздің мазмұны ретінде қысқа да, мәнді нақыл сөздер қалды. Олардың бірқатары бидің мәні мен мәртебесін анықтайтын қағидалар және нормалардан тұрды. Яғни: «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Туғанына бұрғаны – биді құдай бұрғаны», «Таста тамыр жоқ, биде бауыр жоқ», «Атаңның құлы айтса да, әділдікке бас и», «Әдет – әдет емес, жөн – әдет», «Тіл жүйрік емес, шын жүйрік», «Әділсіз болса би оңбас, әйелсіз болса үй оңбас», «Би төрттің құлы: адал еңбек, таза ниет, терең ой, әділдік», «Елге бай құт емес, би құт», «Батыр дегенді екі қатынның бірі табады, би дегенді ілуде біреуі табады»
Елге бай құт емес, би құт
1
