Еділді алса -елді алар

801

Еділді алса -елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса -жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса -ойды алар,
Ойлашы,  сонда не қалар?
Қара мауыты мұшақат
Бүтін тоғай жерді алар.
Жаз кіреге жақсы деп,
Дулығалы нарды алар,
Қыс кіреге жақсы деп,
Шудасы қалың айырды алар.
Сусынына шай алар,
Шайнауына май алар.

Қазтуған жырау

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз