Қандай да бір құлшылық жасардың алдында немесе жай ғана дәрет алу үшін ең алдымен іштей ниет ету қажет. Ниетті жүрекпен жасаған маңызды, ал дауыстап айту дұрыс болып табылады. Содан соң:
- Әрбір істі «бісмілләмен» бастайтынымыз секілді, дәрет алуды да «бисмилләһир рахмани-р рахим» деп бастаған жөн.
- Қолды үш рет саусақтардың арасын (сақина болса астына су тигізіп) білекке дейін жуу
- Суды оң қолмен алып ауызды үш рет шаю (су үш рет алынады)
- Оң қолмен үш рет су алып мұрынға су тартып, сол қолмен сіңбіру
- Бетті, маңдай, құлақ басталған тұспен қоса иектің астына дейін үш рет жуу
- Қолды үш рет шынтақпен қоса жуу (алдымен оң қол, содан соң сол қол жуылады)
- Басқа мәсіх тарту. Шынашақпен бірге үш саусақ ұшпа-ұш келтіріліп, маңдайынан желкеге дейін осы үш саусақпен мәсіх тартылады.
- Сұқ саусақпен құлақтың ішіне, бас бармақпен құлақтың сыртына мәсіх тартылады.
- Екі қолдың сыртымен мойынға мәсіх тартылады.
- Оң аяқтан бастап саусақтардың арасын, тобықтарды қоса жуу. Дәл осылай сол аяқ жуылады.
- Қолды жуып, дәретті тәмамдаймыз.