Баянсыз мынау жалғаннан, «Шайыр өлмес» дер едім; Сайраған қызыл тіл берген, Көңіліне сонша жыр берген. Алжаспай сөзді ағытып, Есебін тауып үлгірген; Мәжілісінде жақсының – Дәурен сүріп күн көрген; Қарсы келген олармен – Ажалы жетпей, күнде өлген: Қарадос, Өске, Бұдабай, Серәлі, Сәдір, Орынбай; Татауы жоқ сөзінде: Шұбырған көштің жолындай: Ақ Кетенің ішінде, Шернияз, Шыман, Өтеген, Солардан … Толығырақ «Балқы Базар жырау. Шайыр өлмес дер едім…»
Категория: Асылсөз
Балқы Базар жырау. Би өлмейді дер едім…
Әлеуметтер, құлақ сал, Мына бір шолақ дүниеден – «Би өлмейді» дер едім; Жұртты аузына қаратқан, Алдынан топты таратқан; Адасқан болса, жөндеген, Төресін бұра бермеген, Адамды ала көрмеген; Аруағыңа болайын, Ертеңгі атқан орыстың – Зеңбірегіндей еңіреген: Қаз дауысты Қазыбек, Төле би мен Әйтеке – Солардан да өткен сұм дүние… FacebookVKTwitterMail.ru
Балқы Базар жырау. Бай өлмейді дер едім…
Мына бір,пәни дүниеден – «Бай өлмейді» дер едім; Базар барып пұл алған, Пұлына сатып құл алған; Қара ала парша шұлғанған, Алтын менен күміске – Тірілігіне былғанған; Ауылының сыртына Қос шатырды құрғызған; Қос жетімді әшейін, Иман үшін тұрғызған; Қырым менен Қытайға Саудагерлік жүргізген; Ұлы менен қызына Қырмызы Қытай кигізген: Жылқыдан жорға теңселтіп, Жиын топқа мінгізген; Қатар … Толығырақ «Балқы Базар жырау. Бай өлмейді дер едім…»
Балқы Базар жырау. Әулие өлмес дер едім…
Мына бір, шолақ дүниеден – «Әулие өлмес» дер едім; Отқа салса,күймеген, Залымдықтың өмірі – Бір шарпуы тимеген Арамды көңілі сүймеген, Дін мұсылман баласын – Кереметпен билеген; Саһар тұрып жылаған, Хақтан медет сұраған; Ол ерлердің тағаты – Құдайына ұнаған, Солардан да өткен сұм дүние… FacebookVKTwitterMail.ru
Балқы Базар жырау. Хан өлмейді дер едім…
Әлеуметтер, құлақ сал, Мына бір,пәни дүниеден – Араңға түскен аюдай, Күйе қатты жараған, Қаңтардағы бурадай Азу тісін қайраған, «Хан өлмейді» дер едім, Көлденең жатқан жайықты Жағалай көшіп жайлаған; Қасарысқан дұшпанның Артына қолын байлаған, Алдына салып айдаған, Солардан да өткен сұм дүние… FacebookVKTwitterMail.ru