Енем ене болмады деген болды

Енем ене болмады деген болды, Жазығымыз енеге неден болды? Сап-сау қызын ауру деп сылтауратып, «Ақ сарыбас»- еркек қойды жеген болды. Көтеш ақын FacebookVKTwitterMail.ru

Атам ата болмады, қалмақ болды

Атам ата болмады, қалмақ болды, Қызын берсе, атымды алмақ болды. Алты ешкі, жалғыз қойын базарға айдап, Қызыл ділда, ақ жамбы алмақ болды. Көтеш ақын FacebookVKTwitterMail.ru

Елге бай құт емес, би құт

Кезінде халық санасынан берік орын алып, дәстүрлі менталитетіміздің мазмұны ретінде қысқа да, мәнді нақыл сөздер қалды. Олардың бірқатары бидің мәні мен мәртебесін анықтайтын қағидалар және нормалардан тұрды. Яғни: «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Туғанына бұрғаны – биді құдай бұрғаны», «Таста тамыр жоқ, биде бауыр жоқ», «Атаңның құлы айтса да, әділдікке бас и», «Әдет – … Толығырақ «Елге бай құт емес, би құт»

Асан Қайғының заман жайлы өз айтқандары:

Мұнан соң қилы-қилы заман болар, Заман азып, заң тозып жаман болар. Қарағайдың басына шотан шығып, Балалардың дәурені тамам болар. Ол күнде қарындастан қайырым кетер, Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер. Ұлы, қызың орысқа бодан болып, Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер… FacebookVKTwitterMail.ru

Асан Қайғының орыс пен қытай туралы айтқаны

Қатын алдың қарадан. Айрылдың хандық жорадан. Ел ұстайтын ұл таппас Айырылар ата мұрадан. Мұны неге білмейсің, Құладың құстың құлы еді. Тышқан жеп жүні түледі, Аққу құстың төресі. Ен жайлап көлді жүреді. Аңдып жүрген көп дұшпан, Елге жау боп келеді, Құладын қуды өлтірсе, Өз басыңа келеді, Құлың кеп сені өлтірер, Осыны Асан біледі. Мұны неге білмейсің. … Толығырақ «Асан Қайғының орыс пен қытай туралы айтқаны»

Армысыздар, ардақты ағайын!

Егер өз айналаңыздан саяси, әлеуметтік түйткілдер байқасаңыз, соттан, прокуратарадан, тергеу орындарынан, әкім-қаралар мен депутаттардан зәбір көріп, жапа шегіп жүрген болсаңыз біздің редакцияға хабарласыңыздар. Журналистік зерттеу жүргізіп, ақпараттық қолдау көрсетіп, заңгерлік көмек беріп, адалдық үшін бірге  күресетін боламыз! Dabyl.kz сізбен бірге! Эл.пошта: sayasat_akparat@mail.ru FacebookVKTwitterMail.ru

Республикалық жаңа ақпараттық-ұлттық портал іске қосылды

Армысыздар, аса қадірменді оқырмандар! Ақпарат әлемінде жаңа саяси-әлеуметтік ұлттық портал дүниеге келгенін қуана хабарлаймыз.  «Dabyl.kz» ақпараттық-ұлттық порталы «Саясат-ақпарат»  республикалық қоғамдық-саяси газетінің 10 жылдық мерей тойының қарсаңында ашылып отыр. Он жыл бойы газетіміз республика көлеміндегі қарапайым халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап елмен бірге жасасып келе жатыр. Біздің газеттің араласуымен көптеген әулеттің басына түскен өте күрделі мәселелер өз шешімін тапқанын бүгінде … Толығырақ «Республикалық жаңа ақпараттық-ұлттық портал іске қосылды»

Айтатұғын атты бүгін ақ таңдар,

Айтатұғын атты бүгін ақ таңдар, Бәрін біреу береді деп жатпаңдар. Бір қазақты үшке бөліп бүлінбей, Қайран елім, Бірлігіңді сақтаңдар!.. Шынболат Ділдебаев FacebookVKTwitterMail.ru