Күн сайын жуынып, тісімізді тазалағанда тіс пастасын қолданамыз. Ал мисуакты көбіміз қолдана бермейміз. Онымыз бекер екенін мына хадистерден түсінеміз. Айша анамыз (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мисуак – ауыз тазалығы, Раббыңның разылығы», – деп айтты», – делінген (Нәсәйи, таһарат 4).
Сондай-ақ Хузәйфа (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) ұйқыдан тұрғанда мисуакпен аузын (тісін) тазалайтын еді», – деген (Бұхари, уддуу 73/тәһәжжүд 9; Муслим, таһатар 46).
Сонымен қатар мисуакты әр намаз оқудың алдында, Құран оқудың алдында, дұға жасар алдында қолданған дұрыс.
Мисуактың Алла разылығына бөлеп, оны қолдану – сүннетті орындағанымызбен қатар денсаулығымызға да тигізер пайдасы көп:
- Түрлі тіс ауруларының алдын алады
- Қабынуға қарсы, антибактериалды қасиетке ие
- Тісті ағартады
- Ауыздағы жағымсыз иісті жояды
- Дауыстың әдемі болуына сеп
- Көру қабілетін жақсартады
- Есте сақтау қабілетін арттырады
- Бас ауруын жояды
- Асқорытуды жақсартады
- Мисуакты қолданатын адамның жүзі нұрланып, әдемілене түседі
Келіннің қолынан шай ішейік… (келін шайды қалай құюы керек?)