Күн сайын таза жүру – дініміздің шарттарының бірі. Сондықтан болар, мұсылмандар сабынның құрамын жақсартуға аса мән берген. Сабын тектес затты алғаш рет мысырлықтар мен римдіктер қолданғаны белгілі, алайда түрлі өсімдік майларымен гидроксид натрий мен жұпар иісті қоспаларды араластыруды арабтар ойлап тапқан.
Ал сусабын Ұлыбританияда, 1759 жылы бір мұсылман Брайтонда монша ашқан соң пайда болды.