Биік өкше зиян емес!

761

Биік өкшенің зияны жайлы қанша айтылып жүрсе де, оны қыз-келіншектер білсе де «енді қайтеміз, сұлулық құрбандықты талап етеді» деуден жаңылмауда. Ал біз сол биік өкшенің зиян емес екенін айтқымыз келеді. Иә, иә, зиян емес, қауіпті! Қауіпті емес-ау, аса қауіпті!

Дәрігерлер биік өкшенің 2 қауіпті ауруға алып келетінін айтады: біріншісі – жіліншік бұлшықетінің қабынуы, екіншісі – Ширман ауруы, яғни дене бітімнің өзгеруі. Соңғысының салдарынан жатырдың төмендеп кетуі ықтимал. Ал жатырдың төмендеуі әйелдің бала көтеруіне кедергі келтіреді, яғни сұлулық үшін өздерін құрбан етіп жүрген қыз-келіншектеріміз соңында бала сүю бақытынан айырылуы әбден мүмкін.

-табан сүйектерінің қисаюы;
– омыртқа аурулары;
– тізе асты сіңіріне салмақ түсуі;
– аяқ саусақтарының қисаюы;
– бел аурулары –  мұның барлығы биік өкшенің салдары.

Сондай-ақ, биік киіп алған қыздарда «құлап қалмаймын ба, мына жерден қалай өтемін» деген қобалжуынан, ішкі қорқынышынан миына салмақ түседі, әр қадамын басқанда «уайымға» салынады. Ал біз қыздарымыздың биік киіп ер адамдардың алдында сүрініп қалмайын деп емес, Алланың алдында сүрінбеймін бе деп қорықса екен деп тілейміз.

Әйел ағзасы үшін аса пайдалы тағамдар

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүйікті әрі пайдалы 10 тағамы

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шаш күтімі

Күн сайын орындауымыз тиіс 12 сүннет

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз