Бас ауыруының түрлі себептері бар: қатты ашулану, дұрыс ұйықтамау, күйзеліс, уақытылы тамақтанбау, компьтердің алдында ұзақ отыру т.б. Ондай кездері дәріге жүгінбей-ақ табиғи жолмен бас ауыруынан қалай айығуға болады?
- Басыңыз ауырғанын сезсеңіз дереу таза бір стақан су ішіп алыңыз.
- Басқа, мойынға, құлақтың сырғалығына массаж жасау.
- Лимон немесе бал қосылған жылы су ішу.
- Жалбыз қосылған көк шай.
- Зімбір (имбирь). Зімбірден дайындалған шайды күніне 3-4 рет ішсеңіз, бас ауруынан мүлде арыла аласыз.
- Таңертең басыңыздың ауырғанын сезінсеңіз, бір алма жеп алыңыз.
- Бадам (миндаль) да бас ауыруын тез басады.
- Бір ас қасық кептірілген жалбыздың үстіне қайнаған су құйып, бетін жауып, 10 минуттан соң ішіңіз. Ащы десеңіз, бал қоссаңыз болады.
Суды тұрып ішудің зияны қандай?
Стюардессалардың қолын арқасына қойып алуының себебі неде?
Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?
Біреудің сізге өтірік айтқанын қалай білуге болады?
Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаңыз, себебі…