Барша мүмін әйелдердің ханшайымы

929

Айша анамыз (р.а.):

«Бірде Алла елшісінің (с.ғ.с.) барлық жұбайлары бас қосып, төрт көзіміз түгел болып Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге отырғанымызда  жүрісі Алла елшісінің (с.ғ.с.) жүрісінен айнымайтын сүйікті қызы Фатима (р.а.) да келді. Ол қызын көргенде: «Қош келдің, қызым!» – деп қошеметтеп оң (немесе сол) жағына отырғызып, Фатиманың (р.а.) құлағына ақырын сыбырлады. Сол кезде сүйікті қызының көңілі босап, қатты жылады. Алла елшісі (с.ғ.с.) қызының қатты мұңайғанын көргенде құлағына тағы бір мәрте сыбырлады. Бұл кез Фатима қуанғаннан езу тартты. Сонда мен оған: «Алла елшісі (с.ғ.с) әйелдері төрт көзі түгел болып қасында отырса да, саған ғана сыбырлап, сенімен ғана сыр бөлісті. Ал сен болсаң жылайсың», – дедім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кетіп қалғаннан кейін Фатимадан: «Алла елшісі (с.ғ.с.) саған не айтты?» – деп сұрадым. Ол: «Алла елшісінің (с.ғ.с.) сырын ешкімге де ашпаймын», – деп тіс жармай қойды. Кейін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүние салған соң оған: «Өтінемін, мен де сенің анаңмын ғой. Алла елшісінің (с.ғ.с.) саған ашқан сырын маған да айтшы», – дедім. Сонда ол: «Жарайды, енді айтсам айтайын. Әкем құлағыма алғаш сыбырлағанда маған Жәбірейіл періштемен Құранды жылына бір рет басынан аяғына дейін оқитынын, ал бұл жолы осыған дейін екі рет оқығандарын айтып: «Мұны ажал жастығына бас қояр сәтімнің жақындағаны деп ойлаймын, сондықтан Алладан қорқып, сабырлы бол (мен қайтыс болғанда өз-өзіңді ұстай біл). Өйткені мен сен үшін жақсы ізашар боламын (яғни, сенен бұрын жұмаққа кіремін)», – деді. Өзіңіз куә болғандай сондағы егіліп жылағанымның мәнісі осы болатын. Кейін әкем менің қатты мұңайғанымды көргенде екінші рет құлағыма сыбырлап: «Әй, Фатима! Барша мүмін әйелдердің (немесе осы үмбеттің барша әйелзатының) ханшайымы болуды қаламайсың ба?» – деді. Өзіңіз көргендей сол кездегі күлгенімнің мәнісі осы еді», – деді». (Бұхари, мәнақиб 25/истизан 43; Муслим, фадайлус-сахаба 97-99).

«Астан ауыз ти» деудің мәні неде?

Атаның шаһуатының көп қой мәні…

Әйел мен шайдың ұқсастығы неде?

Құран адам миының жұмбақтарын ашты

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз