Балқы Базар жырау. Хан өлмейді дер едім…

27

Әлеуметтер, құлақ сал,
Мына бір,пәни дүниеден –
Араңға түскен аюдай,
Күйе қатты жараған,
Қаңтардағы бурадай
Азу тісін қайраған,
«Хан өлмейді» дер едім,
Көлденең жатқан жайықты
Жағалай көшіп жайлаған;
Қасарысқан дұшпанның
Артына қолын байлаған,
Алдына салып айдаған,
Солардан да өткен сұм дүние…

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз