Балқы Базар жырау. Би өлмейді дер едім…

30

Әлеуметтер, құлақ сал,
Мына бір шолақ дүниеден –
«Би өлмейді» дер едім;
Жұртты аузына қаратқан,
Алдынан топты таратқан;
Адасқан болса, жөндеген,
Төресін бұра бермеген,
Адамды ала көрмеген;
Аруағыңа болайын,
Ертеңгі атқан орыстың –
Зеңбірегіндей еңіреген:
Қаз дауысты Қазыбек,
Төле би мен Әйтеке –
Солардан да өткен сұм дүние…

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз