Бала назарланғанда, көз тигенде дем салдыру керек пе?

881

Ел арасында «көз тиіпті», «баласы назарланып қалыпты» дегенді естіп жатамыз. Иә, шынымен-ақ, көз тию, баланың назарлануы деген – бар нәрсе. Ондай кезде дем салдырған (немесе салған) дұрыс. Себебі, дем салу – Құран аяттарын, (Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі дем салғанда оқыған) дұғаларды оқи отырып дерттің шипасын бір Алладан ғана сұрау болып табылады.

Айша (р.а.) анамыз: «Алла елшісі (с.а.с) маған көз тиюге қарсы дем салдыруымды бұйыратын», – деп айтқан.

Әсма бинт Ғұмайс: «Мен балаларымды Пайғамбарымызға (с.а.с) көрсеткен едім, ол: «Бұларға дем салдыр», – деп айтты», – деген.

Алла елшісі (с.а.с.) әйелі Уммү Сәләманың (Алла оған разы болсын) үйінде бір қыздың бетінен теңбіл дақ көріп: «Бұған көз тиіпті, дем салдырыңдар», – деген (Сахих Муслим).

 Р.S. Алайда… баланы алып «назарланып» қалды, «өзіме көз тиді, емдеп беріңіз» деп тәуіпке, емші-домшыларға баруға болмайды! 

Бақ-береке мен бақытқа толы үй қандай болады?

Ер адам әйеліне «жақсы көремін» деп айтуы керек пе?

Алла мені жақсы көруі үшін не істеуім керек?

Таң намазына ұйықтап қалмау үшін не істеу керек?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз