Байығыңыз келе ме? (Кедейліктен сақтайтын сүре)

247

Әбу Зәбия жеткізген риуаятта:

Абдулла ибн Масғуд өлім аузында жатқанда оған Осман ибн Аффан келеді де:

– Неге өкінесің? – деп сұрайды. Абдулла ибн Масғуд:
– Күнәларыма, – деп жауап береді.
– Нені қалар едің?
– Алланың маған мейірімін төккенін.
– Саған дәрігер қажет шығар?
– Емдеушінің Өзі (яғни, Алла) маған ауру берді.
– Онда материалдық көмек көрсетуге рұқсат ет.
– Оның еш қажеті жоқ!
– Саған болмаса артыңда қалатын қыздарыңа қажет болар?
– Сен менің қыздарымның кедейлігінен қорқамысың? Мен оларға әр түні «Уақиға» сүресін оқуды бұйырдым. Себебі мен Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Кімде-кім әр түні Уақиға сүресін оқитын болса, ол ешқашан кедейлік пен мұқтаждық көрмейді», дегенін естідім», – дейді Абдулла ибн Масғуд.
Анығын Алла біледі.
Әрине, бір сүрені оқып, қол қусырып қарап отырған адамға ризық-несібе өздігінен келмейді. Сонымен қатар тынымсыз еңбектеніп, Алладан сұрап, дұға ету керек.

 

18 пікір

      1. Ассаламалейкум уйіңізде Құран кітап бар болса сонда барлығы бар ,неге тек қана Уақиға сүресін іздеп жатырсыздар,байлыққа қол жеткізу үшін ба ,ҚҰРАННЫҢ əр бір əріпінде сауап бар,Ассаламалейкум

    1. әл-Уақи’а сүресі (араб.: سورة الواقعة‎) Қасиетті Құран Кәрімнің 56-шы сүресі екен.Интернеттен іздеп табуғада болады.Бірақ қатесіз нақты Құраннан қарағаныңыз жөн.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз