Бәйбіше – тантық , бай – арам

582

Қайран қазақ , қайтейін,
Мынау азған заманда,
Қарасы – антқор, ханы – арам,
Батыры көксер, басы аман,
Бәйбіше – тантық , бай – арам,
Бозбаласы – болашақ ,
Қырсыға тудың қыз балаң.
Нары – жалқау кер табан,
Құсы – күйшіл , ат – шабан,
Жырғалаң жоқ , жобалаң.
Ебі кеткен ел болды
Енді қайда мен барам?

Дулат Бабатайұлы

Аты шықпаған таудан, Аты әйгілі төбе артық….

(Аудио) Хикметуллаһ әні. Сөзі: Мұхиддин Исаұлынікі. Орындаушы: Жәкен Омаров

Жауынды күні көп жүрме, Жар жағасы тайғақ-ты…

Ісі сұйық еркекті жүрісінен танимын

1 пікір

  1. Ассалаумағалейкум!

    Бәйбіше тантық, бай арам (сараң)
    Бозбаласы болашақ (бошалаң)

    Дұрысы жақшаның ішіндегі сөздер сияқты.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз