…Атаның салған жолына, Баласы кетпес демеңіз.

697

 Екі оқты бұлан көтереді,
Бір оқты құлан көтереді.
Арыстанның белгісі,
Айналып кетсе артына,
Ақырмайды деп еді.
Нар түйенің белгісі,
Қабырғасын жарып,
Бүйрегін алса да,
Бақырмайды деп еді.
Қас батырдың белгісі,
Қос өкпеден оқ тисе,
«Мен қалдым» деп жолдасын,
Шақырмайды деп еді.
Нағыз туған асылдар,
Қандай қасірет тартса да,
Зарланып «аһ» ұрмайды деп еді,
Ну қарағай құласа,
Орныңда қалған шыршасы,
Жапырақ шығып гүлденіп,
Бұтақ шығып бүрленіп,
Қарағай болмас демеңіз.

Айдын шалқар суалса,
Бұлақ болып арқырап,
Теңіз болып жарқырап,
Аққу қаздар үстіне

Тұрақтап өтпес демеңіз.
Тұлпар орға жығылса,
Желіде қалған жас құлын
Құнан, дөнен болғанда,
Иесі мінбес демеңіз.
Ақ сұңқар торға ілінсе,
Ұяда қалған балапан,
Темір қанат болғанда,
Үйрек ілмес демеңіз…
Аң ардағы – арыстан
Айға шауып мерт болса,
Артында қалған баласы,
Арыстандық етпес демеңіз.
Атаның салған жолына,
Баласы кетпес демеңіз.

Тоқай би

(Аудио) Хикметуллаһ әні. Сөзі: Мұхиддин Исаұлынікі. Орындаушы: Жәкен Омаров

Бәйбіше – тантық , бай – арам

Тәтті жесең, ащы жеуге дайындал!

Жығылғанды тұрғызсаң…

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз