Қатын алдың қарадан.
Айрылдың хандық жорадан.
Ел ұстайтын ұл таппас
Айырылар ата мұрадан.
Мұны неге білмейсің,
Құладың құстың құлы еді.
Тышқан жеп жүні түледі,
Аққу құстың төресі.
Ен жайлап көлді жүреді.
Аңдып жүрген көп дұшпан,
Елге жау боп келеді,
Құладын қуды өлтірсе,
Өз басыңа келеді,
Құлың кеп сені өлтірер,
Осыны Асан біледі.
Мұны неге білмейсің.
Арасынан қытай, орыстың
Қорған сап, тыныш жатырсың.
Өзің, Жәнібек, елден асқан батырсың.
Ертісті өрлеп орыс жүр,
Тіл алсаң іздеп қоныс көр.
Желмая мініп жер шалсам
Тапқан жергеел көшір
Мұны неге білмейсің,
Бұл арадан көшпесең,
Айтқаныма түспесең,
Орыс алар қалаңды,
Шулатар қатын, балаңды.
Осыны көрдім түсімде,
Біл десе де білмейсің:
Қош, аман тұр, Жәнібек.
Енді мені көрмейсің.
Асан Қайғының орыс пен қытай туралы айтқаны
0
