Әйел адамның ағзасы нәзік болғандықтан ерекше күтімді қажет етеді. Әрі үй шаруасы, бала босану, бала күтімі т.б физикалық өзгерістер әйел ағзасына әсер етпей қоймайды. Сондықтан қыз-келіншектердің әдемілігін сақтап, денсаулығы мықты болуы үшін дәрумендерге толы, пайдалы әрі құнарлы тағамдарды жегені жөн. Ал ол тағамдардың тізімі төмендегідей:
- Балық (гормондар үшін)
- Брокколи (қатерлі ісікке қарсы)
- Бұршақтар (дене сымбатын сақтау үшін)
- Сұлы (күш-қуат үшін)
- Зәйтүн майы (сұлулық үшін)
- Жаңғақтар (ақыл-ой үшін)
- Жеміс-жидектер (жастықты сақтау үшін)
- Сүт өнімдері (сүйектердің мықтылығы мен терінің әдемілігі үшін).
Сондай-ақ, көңіл-күйдің жақсаруы үшін аз мөлшерде шоколад жеп тұрғанның артықтығы жоқ.