Ылаң тудырушы әйелдер

737

Әйелдер жайлы қырық хадис

 14- хадис. Ылаң тудырушы әйелдер

       Усәма ибн Зәйд (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі (с.ғ.с.) былай деді: «Мен өзімнен кейін әйелдерден артық ылаң қалдырмадым» деген (Бұхари мен Муслим).

       Ибн Хажар бұл жайлы былай деген: «Бұл хадисте әйелдер үшін туындайтын бүліктің басқа кез келген бүліктен күшті екені меңзелген».

Басқа хадистерде әйел адамның отбасының ұйытқысы, сүйікті жар, аяулы ана екендігі айтылса, бұл хадисте, керісінше, сол әйелдің бүлік тудырушы, ер адамдарды азғырушы, қоғамға үлкен ылаңға себепші болуы мүмкін екендігі айтылады. Әсіресе, қазіргі таңда әурет жерлерін барынша көрсетіп жүруге құмар қыз-келіншектер нағыз бүлікшілдер болып есептеледі. Себебі оны көрген кез келген ер адамның ойы бұзылмай тұрмасы анық, Нәпсіге апарар бірден бір жол да сол. Міне, қоғамдағы бүлік – отбасылардың ажырасуы, тастанды балалардың көбеюі, азаматтық неке және т.б. осыдан шығатыны белгілі.

Үйге кіргенде және шыққанда мыналарға мән беріңіз!

Неке ажырасумен аяқталмауы үшін…

Қазынамен тең әйел (Әйелдер жайлы қырық хадис. 13 хадис)

Құран адамның әлсіз тұстары жайлы «1»

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз