Ұзақ отырудың зияны қандай?

451

   Қазіргі таңда көпшілігіміз жұмысымызды офисте, компьютердің алдында отырып атқарамыз. Техниканың дамуы да адамның аз қимылдап (әсіресе қала тұрғындары), телевизор мен телефонға жиі үңілуге мүмкіндік берді. Ал ұзақ отырудың денсаулығыңызға аса зиян екенін білесіз бе? Отырғанда ағзамыз қандай өзгерістерге ұшырайды?

Адам отыра салысымен бұлшықеттердің жұмысы бәсеңдеп, калорияны жоюдың жылдамдығы минутына 1 килокалорияға дейін төмендейді. 3 сағаттық отырыстан кейін қантамырлар кішірейіп, қанайналымы нашарлайды. 24 сағат бойы отырсаңыз, инсулиннің глюкозаны қармау қасиеті 40 пайызға төмендейді. Сол себепті диабеттің 2-түрінің пайда болу қаупі туындайды. 2 апта бойы күн сайын 6 сағаттан отырсаңыз, ағзадағы холестерин мөлшері артып, артық салмақ қосуыңызға себеп болады. Майды ыдырату ферменттерінің жұмысы нашарлайды.

Адам қимылдағанда миды қанмен, оттегімен, көңіл-күйге жауапты гормондармен қамтамасыз етеді. Ал ұзақ уақыт қимылсыз отыру мидың жұмыс істеу белсенділігін төмендетеді. Ұзақ отыру сондай-ақ, жүрек-қантамырлары ауруларының, простата, омырау безі қатерлі ісігі ауруларының пайда болу қаупін арттырады.

Сондықтан дәрігерлер күн сайын теледидар алдында тапжылмай отыру өз қолымен денсаулығыңызға зиян келтіру екендігін айтады. Ал офисте жұмыс істейтіндерге әр 1 сағат сайын 5-10 минуттық үзіліс жасап жаттығулар жасап тұруға, түскі үзілісте кем дегенде 30 минут таза ауада жүруге, жұмыстан соң тағы теледидар алдына жайғасып «демалуға» емес, көбірек қимылдауға кеңес береді.

Суды тұрып ішудің зияны қандай?
Стюардессалардың қолын арқасына қойып алуының себебі неде?
Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?
Біреудің сізге өтірік айтқанын қалай білуге болады?
Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаңыз, себебі…

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз