Үйіңізге шайтанды ертіп кірмеңіз!

433

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер адам үйіне кірерде және тамақ ішер алдында Алла Тағаланың есімін айтса, шайтан өзінің нөкерлеріне: “Бұл жерде бізге жататын орын да, тамақ та жоқ, кеттік”, – дейді. Ал егер үйіне кірерде Алла Тағаланың есімін аузына алмаса, онда шайтан: “Бізге пана табылды”, – дейді» – деген (Муслим).

Сондықтан үйіңізге кіргенде «үй ішіндегілерге» «Әссәләмуәлейкум уа рахматуллаһи уа бәрәкәтуһ» деп сәлем беріңіз. Тіпті ешкім жоқ болса да. Себебі, біз үйімізден кеткенде онда періштелер қалып қояды. Олар үйімізді біз келгенше түрлі жамандықтардан, қауіп-қатерден қорғап отырады. (Бұл жайлы толығырақ келесі мақалаларымызда жазатын боламыз).

Содан соң «Бисмилләһи уәләжнә, уә бисмилләһи харажнә, уә ъалә раббинә тәуәккәлнә» (Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық. Раббымызға тәуекел еттік) дұғасын айтыңыз.

Тамақтан соң айтылатын дұға

Тамақтанар алдында және кейін айтылатын дұға

Әйелдің күйеуіне бойсұнуы

Құрманы дорбасымен, дорбаны түйесімен бер!

5 пікір

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз