Үйде отырып-ақ сауапқа кенеліңіз! (әйелдерге)

611

Рамазан айында ер адамдармен қатар, әйел адамдар да өзгелерге көмектесіп, дұға-тілектерін арттырып, титтей де болса жақсылық жасап, Алланың мейіріміне бөленуге, сауапқа кенелуге асығатыны анық. Алайда әйелдер көбінесе отбасы-ошаққасында отыратындықтан күйеуінің табысына қарайтыны бар, сондықтан «өзім табыс таппаған соң біреуге қалай көмектесем» деп ойлауы мүмкін. Бірақ жақсылық жасау тек материалдық тұрғыдан өлшенбейді, әйелдер үйінде отырып-ақ сауапқа кенеле алады. Қалайша? Ораза тұтумен қатар (нақты себептермен ораза тұта алмаған әйелдер де), үй жинау, ас әзірлеу, бала бағу, кір жуу, қонақ күту сынды үй тірліктерін жасаған әйелге мол сауап жазылады.

Әйелдердің бұл айдағы ең үлкен жақсылығы – үйде ораза тұтқандардың (күйеуі, ата-ене, аға-іні т.б.) сәресіде, ауыз ашқанда ішетін ас-суын дайындап беріп, түрлі дәмдерді әзірлеп, сол кісілердің жағдайын жасауы. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да ешнәрсе кемімейді», деген.

Әйеліңіз ашуыңызға тисе…

Ер адам мен әйелдің миы: 7 айырмашылық

Ерлер білуі тиіс хадистер

Оразада әйелін сүюге, жақындасуға бола ма?

 

 

 

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз