Дәрігерлер тырнаққа күтім жасаумен қатар оған аса мән беру керек дейді, себебі ол ағзаңыздағы кейбір ақаулардан хабар беруі мүмкін.
Сарғыш түс.
Егер тырнақ сарғайса, бауыр ауруларынан, псориаздан хабар береді.
- Көкшіл түс.
Гемоглобиннің төмендеуі, қан айналымы мен тыныс алу жолдарының нашарлауын білдіреді.
- Ақ дақтар.
Олар бірде пайда болып, кейде жоғалып кетеді. Оған көбісі мән бермейді. Бекер. Себебі олар ағзаға цинк (мырыш) пен кальций жетіспеушілігінен пайда болады. Сондай-ақ бүйрек ауруларынан хабар береді.
- Көлденең «ойықтар».
Пайда болу себебі – 1. ұзақ күйзелістен, 2. зат алмасудың бұзылуынан.
- Ұзына бойғы сызықтар.
Көбіне жас ерекшелігіне байланысты пайда болатындықтан, егде жастағы адамдарда кездеседі. Бірақ ол жас адамдарда да болуы мүмкін. Ондай жағдайда ағзаға сұйықтықтың жетіспеушіліген меңзейді.
- Сынғыш және қабатталған.
Оның бірнеше себептері бар. Ең көп таралғаны – А, Е, Д дәрумендерінің, темір мен мырыштың жетіспеуі. Сондай-ақ эндокриндік, жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі мәселелер мен диабеттің алғашқы белгісі болуы мүмкін.