Тым салқын немесе тым ыстық ішудің зияны қандай?

752

Дұрыс тамақтану жайлы айтқанда біз оның сапасына, құрамына мән береміз. Ал адам денсаулығына тағамның температурасы да әсер ететінін ұмыт қалдырып жатамыз.

Көптеген адамдар тамақтан соң салқын сусындарды ішкенді ұнатады. Тамақтан соң салқын сусын ішкенде ақуыз жеткілікті мөлшерде былайша айтқанда өңделмейді, ақуыз аминқышқылдарына айналады да, тағам асқазанды жылдам тастап, ішекте шіри бастайды, нәтижесінде ішекте қабыну аурулары туындайды.

Ал енді тағамды, шайды, кофені ыстықтай ішкенді ұнататындардың қаперіне!

Ғалымдар ыстық шай немесе қатты ыстық ас өңешті күйдіретінін, оның көлемі ұлғайған сайын күю мөлшері де артатынын айтады. Ыстықты ішу барысында асқазанның шырышты қабығы жансызданып, ойық жараның пайда болуына жол ашылады.

Осылайша, тым ыстық немесе тым салқын тағамдарды, сусындарды ішу ішкі органдардың эпителийлі жасушаларын бұзады, ал ол рак ауруларын туындатуы мүмкін. Сондықтан тым салқын да, тым ыстық та ішпеген жөн.

Мына 6 нәрсенің пайдасы болмайды, егер…

Таңертең мына нәрсені міндетті түрде ішіңіз!

Жиі ашуланасыз ба? Онда оқыңыз!

Өзіңіз жайлы білгіңіз келе ме? Онда оқыңыз…

Бұл қиындық та өтеді…

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз