Ер адамның киімдерінің түймелері оң жақта ораналасады. Себебі адамдардың көпшілігі оң қолмен жұмыс жасайды – түймені де оң қолмен қадайды. Ал әйелдердің киімінде түймелер сол жағында. Неліктен? Ертеректе түймелер бағалы тастар мен қымбат материалдардан жасалатын болған. Сәйкесінше ондай киімдерді тек жағдайы жақсы, бай әйелдер ғана қызметшілерінің көмегімен киген. Сондықтан түймелер қызметшілердің қадауына ыңғайлы болсын деп сол жағына тігілетін болған.