Төле бидің Күлтөбеде айтқан аталы сөзі

774

1740 жылы жоңғар қалмақ билеушісі Қалдан Цереннің қолшоқпарлары Ұлы жүздің ханы Жолбарысты өлтіреді. Төле би бастаған ел Ташкенттен қуылады. Жау жағы Ташкентке Қоқым манапты әкімдікке тағайындайды. Бұл кезде Сыр бойы қалаларының біразы жоңғарлардың қоластында қалады. Осы тұста Күлтөбенің басында үлкен жиын ашылып, оған ел басшылары түгел жиналады. Сонда Қарабек батыр: – Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ, – деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би: Атадан ұл туса игі, Өзі біліп тұрса игі. Ата жолын қуса игі. Жаудан бұққан немені, Өзіне келер ұятын, Ортасынан қуса игі! – деп, шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді. Сонан соң айналасындарыларға қарап: Уа, көсіле шабар жерің бар Ту көтерер ерің бар. Құлдық ұрсаң дұшпанға,

Арылмайтын сорың бар… Қол боларлық елің бар, Еркек болып туды деп, Атадан қалған жолың бар, Мына сені кім айтар? Құлдық ұрсаң дұшпанға,- деп толғайды. Төленің осы төрелік сөзін өзгелер түгел құп алып, күш біріктірген екен.

Қазақтың тәлімдік ойларынан

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз