Телефонды қасыңызға алып жатпаңыз, өйткені…

590

Қазіргі таңда, шыны керек, телефон, смартфондар айырылмас досымызға айналды. Күндіз қолымыздан тастамаймыз, ал түнде қасымызға алып жатамыз. Телефонға деген «махаббатымыз» денсаулығымызға зиян келтірмей ме? Енді осыған тоқталсақ.

Ұйықтар алдында телефонға үңілу көзімізге зиян екені барлығымызға мәлім. Сонымен қатар, оның қысқатолқынды сәулесі миымызды тітіркендіріп, тез әрі жақсы ұйықтауымызға жауап беретін мелатонин гормонының бөлінуін тежейді, сондықтан жылдам ұйықтап, сергек ояна алмаймыз.

Күні бойы жұмыстан шаршап келіп жатар алдында инстаграм, фейсбукка кіріп «миымызды тынықтырамыз» деп ойласақ қателесеміз. Ол миды тынықтыру емес, керісінше, миға ауыр жұмыс беріп қою, оның белсенділігін арттырып, оған түрлі керексіз дүниелерді толтырып тастаймыз.

Мұның барлығы – АҚШ ғалымдарының зерттеуі. Қазіргі таңда зерттеушілер «телефон рак ауруын тудырады» деген түсінікті анықтауда, себебі телефон рак тудырады дегенге нақты дәлел жоқ, бірақ солай болуы ықтимал дейді мамандар.

Дәрігерлер денсаулығымызға зиян келмеу үшін телефонды жатар алдында  кем дегенде жарты саған бұрын өшіріп қоюға және миыңызды тынықтыру үшін кітаптар оқуға кеңес береді.

Германия тазалығының сыры неде? Біле жүріңіз!

Динозаврлардың жойылу себебі (немесе отбасымызға қамқорлық танытпасақ…)

Сағыз: «пайдалы» ма, зиян ба?

Тәттіге құмарлықтың себебі неде?

Бас ауыруынан дәрісіз әрі тез арылудың 8 тәсілі

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз