Таразыда ең ауыр басатын нәрсе

732

Әбу Дарда (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қиямет күні мүміннің таразысында көркем мінезден ауыр басатын еш нәрсе болмайды. Расында, Алла тағала бейпіл ауыз дөрекіні жек көреді», – деп айтты», – деген (Тирмизи, бирр 61).

 

Айша анамыз (р.а.): «Аллла елшісінің (с.ғ.с.): «Расында, мүмін бойындағы көркем мінезі арқылы күндіз ораза ұстап, түнде намаз оқитын адамның дәрежесіне жетеді», – деп айтқанын естідім», – деген (Әбу Дәуіт, әдәб 7).

 

Әнәс (р.а.): «Алла елшісінің (с.ғ.с.) алақаны дүриядан да, жібектен де жұмсақ болатын. Сондай-ақ, оның үстінен аңқыған хош иістей иісті кезіктірмедім. Алла елшісіне (с.ғ.с.) он жыл қызмет еттім. Маған бір рет те «түһ (сенен шаршадым)» деп көрген емес. Әрі қандайда бір ісіме мін тағып «неге олай істедің?» немесе бір істі істемесем, «неге былай істемедің?» деп өмірі бір кейіген емес», – деп айтты (Бұхари, мәнақиб 23; Муслим, фадайл 82).

Қай қақпадан кіргіңіз келеді?

Ер адамның әйелі алдындағы міндеттері

Мінсіз әйел – ерлердің көзімен

Санаңыздың саулығын сақтағыңыз келсе…

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз