Таңғы намазға ұйықтап қалмаудың 5 тәсілі

914

Кейде кейбіреулер, әсіресе жастар (қатты шаршағандықтан, ұйқыға тым кеш жатқандықтан т.б себепті) таңғы намазға ұйықтап қалуы мүмкін. Ал ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) таңғы намаздың екі рәкаты бұл дүние мен ондағы барлық нәрседен артық екендігін айтқан. Сондықтан намазды өткізіп алмау үшін мына 5 тәсілді жасауға кеңес береміз:

  1. Оятқышыңызды қасыңызға, жақын жерге емес, өзіңізден алыстау жерге қойыңыз.
  2. Ұйықтар алдында телефоныңызға ұзақ үңілмеңіз, достарыңызбен ұзақ сөйлеспеңіз.
  3. Ертерек жатуға тырысыңыз.
  4. Жатар алдында міндетті түрде дәрет алып, Құран аяттарын, сүрелер мен дұғаларды оқыңыз.
  5. Егер ұйықтап қаламын-ау деп қорықсаңыз, үйдегілерге оятуын өтініңіз.

Жігіт пен нәпсі

Әрбір мұсылман жасауы тиіс істер

Сегіз жерде отырғанның сегіз жағдайы артады

Ауызашар берудің пайдалары қандай?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз