Таң намазына ұйықтап қалмау үшін не істеу керек?

314

Кейде таң намазына ұйықтап қалып жүргендер мен «ұйықтап қалмаймын ба?» деп қорқатындар үшін бірер кеңес.

 

  1. Ұйықтар алдында кем дегенде 1.5-2 сағат бұрын тамақтаныңыз. Кешкі астан соң мүмкіндігінше таза ауада 15-20 минуттай жүруге тырысыңыз.
  2. Құптан намазынан кейін ұзақ әңгімелесу де (телефонмен немесе екеуара) ерте оянуға кедергі келтіреді.
  3. Әрқашан дәретпен жатыңыз.
  4. «Аятүл-күрсиді» оқып жатқан адамға таңға дейін шайтан жоламайды» (Бұхари). Себебі, адам ұйқыға кеткенде шайтан адамның желкесіне жіпті үш орап жатып әрбір орағанда: «Түн ұзақ, сондықтан тәтті ұйықта»дейді. Егер адам таң намазына тұрып Аллаға шүкіршілік етсе, бір жіп шешіледі, дәрет алса, екіншісі, намаз оқығанда үшеуі де шешіледі. Содан соң ол сергек және жақсы көңіл-күйде болады, керісінше жағдайда, (яғни, ұйықтап қалса) көңілсіз, сылбыр күйде жүреді(Бұхари).
  5. Оятқышыңыз (будильник) шырылдағаннан кейін «қазір, бес минут» , әне тұрамын, міне тұрамын деп жатып алмай «бисмилләні» айтып бірден тұрып кетіңіз.

Сұрақ – жауап:
Денсаулықты сақтаудың сүннеттегі 5 қағидасы
Неліктен оң жақпен жатқан дұрыс?
Күн сайын орындауымыз тиіс 12 сүннет
Жанарыңызды сақтағыңыз келсе…   
Азан дауысын естігенде не істеу керек?

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз