Тағдыр жазылып қойған ба?

925

Әли (р.а.): «Бірде Бақиғ әл-Ғарқадта (Мәдинадағы қорым) жаназада болғанымызда Алла елшісі (с.ғ.с.) қасымызға келіп отырды. Біз оны қоршай жайғастық. Қолында кішкене таяғы бар еді. Басын төмен салып, таяғымен жерді тықылдатып отырды. Содан соң: «Сендердің қайсысың болсын, қайсыбір тірі жан болсын, Алла оның жәннаттағы және тозақтағы орнын жазып қойған, сондай-ақ, оның бақытсыз не бақытты болатындығы жазылған», – деді. Сонда бір кісі: «Уа, Алланың елшісі! Онда өзімізді жазмышымызға тапсырып, амалды қоя салмаймыз ба? Кім бақыттылардан болса, бәрібір бақыттылардың іс-амалына барады, ал кім бақытсыздардан болса, бәрібір бақытсыздардың іс-амалына барады», – деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Амал істеңдер. Әрбір адамға іс-амалы оңайлатылады, ал бақытсыздарға бақытсыздардың іс-амалы оңайлатылады», – деді де сосын: «Сондықтан да, кімде-кім (Алла берген мал-дүниеден Оның жолында және мұқтаж жандар үшін) жұмсап, Аллаға шын көңілден тағзым етіп, Оған  қарсы келуден сақтанса, сондай-ақ (сенім, амал және сол үшін берілетін қарымта мәселесінде) ең абзал болғанды шын жүрегімен растаса, Біз де ол үшін мәңгілік бақытқа (пейішке) жеткізетін жолды (және ақиреттегі есебін) жеңілдетеміз. Ал (Алланың бергенін қызғанып) сараңдық қылатын және өзіне толық сеніп, Аллаға еш мұқтаж еместей әрекет ететін, әрі (сенім, амал және сол үшін берілетін қарымта мәселесінде) ең абзал болғанды жалғанға шығаратынға келсек, ол үшін (мәңгі құрдымға батыратын) жолды жеңілдетіп қоямыз (сөйтіп, ол сол жаман жолға оп-оңай түсіп кетеді)» («Ләйл» сүресі, 5-10-аяттар) деген аяттарды оқыды», -деген (Сахих Муслим).

 Бұл аяттар мен хадис әрбір адамның тағдыры жазылып қойғанын, алайда тағдырым осылай екен деп әрекетсіз отыруға болмайтынын немесе бәрібір ештеңе өзгерте алмаймын, күнә жасау, теріс жолда жүру менің тағдырыма жазылған, бақытсыздығым да тағдырдан деп күнәлі істер жасап, өзіңді өзің тозаққа итермелемеу керектігін айтады.

Басшыға бағыну керек пе?

Ұйықтар алдында және оянғанда оқылатын дұғалар

Жұмаққа кіруге сеп болатын 4 іс

Әке тұрып ұл сөйлесе…

1 пікір

  1. Я у многих гадалок, биоэнергетов была. Единственный человек, который реально мне помог, – Ирина. Все остальные – кто в лес, кто по дрова. Если её номер найду, напишу. По крайней мере, мне понравился и сам приём, и её советы, и реальное руководство к действиям. После её работы значительные улучшения пошли буквально по всем сферам. Это сугубо личное моё мнение – да, мне понравилось. Вот, нашла. Но была у неё уже давно, номер мог и измениться, но попробуйте по этому позвонить, может дозвонитесь: +7950-65-15-445.Только живет она в России в Свердловской области, поэтому лучше пишите смс.

Зинаида-ға пікір жазу Жауапты болдырмау

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз