Тағамды дәмді дайындаудың кейбір құпиялары

655

 

  1. Сорпада лавр жапырағының ащы дәмі шығып кетпеуі үшін оны10-15 минут қайнатқаннан кейін сорпадан бірден алып тастау керек.
  2. Картоп пюресі дәмін сақтауы үшін оны миксермен емес, қолдан езген дұрыс.
  3. Сары май немесе маргаринді еріткенде қарайып кетпеуі үшін табаны өсімдік майымен аздап майлап алған жөн.
  4. Балық қуырғанда жағымсыз иіс шықпасын десеңіз, балық қуыратын қызып тұрған майға ұзынша етіп туралған картоп салып қойыңыз.
  5. Табадағы май шашырамас үшін аздап тұз себеді.
  6. Майонезден жасалған салаттар мен винегретті стөлге берер алдында оған лимон қыбығын бірнеше минутқа салып қою керек. Винегрет дәмді болу үшін оған аз ғана қант қосыңыз.
  7. Салатқа пияз қосар алдында оны мұздай суға 15 минутқа салып қойса, ащы дәмі жойылады.
  8. Пирогтар, торттар тәтті әрі қатты көтерілуі үшін оған аздап тұз қосады және қосатын заттардың (жұмыртқа, май, сүт т.б.) көлемі міндетті түрде бірдей болуы тиіс.
  9. Пышақты қолданып болған соң бірден жуып, кептіріп қою керек, сонда өткірлігін ұзақ сақтайды.
  10. Котлетке кәдімгі наннан гөрі арнайы кептірілген нанды (панировочные сухари) қосса, дәмдірек болады.

Адамның топырақтан жаралғаны ғылыми дәлелденді

Әлемге танымал 14 тіл

Әлемге танымал 14 тіл (жалғасы)

Ұйықтар алдында жеуге болмайтын нәрселер

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз